Coventry University Kazakhstan және Цифрлық Үкіметті Қолдау Орталығы жасанды интеллект саласын бірлесіп дамытуға кіріседі
Астанадағы алғашқы британдық университет Coventry University Kazakhstan және Цифрлық Үкіметті Қолдау Орталығы (ЦҚҚО) «Astana Open Dialogue 2025» тәуелсіз аналитикалық платформасы аясында жасанды интеллект саласында халықаралық үздік тәжірибелерді енгізу туралы меморандумға қол қойды.
Келісімге сәйкес, Coventry University Kazakhstan орталыққа халықаралық сарапшыларды тартуға, стратегияларды әзірлеуге және жаһандық AI үздік тәжірибелерін енгізуге көмектеседі. Тараптар заманауи AI әзірлемелері бойынша аналитикалық ақпаратпен алмасу, Қазақстанда AI бағдарламаларын әзірлеу және енгізуде эксперттік қолдау көрсету, сондай-ақ AI дамуының өзекті мәселелері бойынша эксперттік талқылауларға ықпал етуді міндеттеді. Студенттер орталықта тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады, ал университеттің оқытушылары мен ЦҚҚО қызметкерлері бірлескен ғылыми жарияланымдар жасай алады.
"1843 жылы негізі қаланған Coventry University- Ұлыбританияның ең динамикалық университеттерінің бірі, терең академиялық дәстүрлері, сапалы білім беруі және машиналық оқыту мен AI саласындағы алдыңғы қатарлы зерттеулерімен танымал. Цифрлық Үкіметті Қолдау Орталығымен ынтымақтастық орнату университеттің «Жақсы болашақ құру» миссиясына берілген міндеттемесін көрсетеді, соның ішінде үкіметтерге білім мен біліктілікті дамытуда қолдау көрсету. Мен бұл қадам Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтады деп сенемін",
- деді Мирас Дауленов, Coventry University Kazakhstan Президенті.

Университеттің Сингапур, Сауд Арабиясы және Пәкістан сияқты елдермен ғылым мен жаңа технологиялар саласында тиімді ынтымақтастық тәжірибесі бар. Әсіресе, Пәкістанда жергілікті университеттермен серіктестік аясында IoT және Human-Robot Interaction зертханасы құрылды.
"Орталық жобаларды басқару бойынша координациялық ядро қызметін атқара отырып, жоғары академиялық беделі бар жетекші шетелдік университеттермен ынтымақтастыққа ұмтылады. Coventry University Kazakhstan халықаралық үздік тәжірибелерге негізделген AI шешімдерін алға жылжытудағы біздің серіктесіміз болатыны өте маңызды. Әр жаңа цифрлық көшбасшы- ел болашағына инвестиция. Сондықтан жас мамандардың оқу барысында нақты мәселелер мен кейстерге қол жеткізуі маңызды. Мұндай тәсіл студенттерге тек академиялық білім алу ғана емес, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие практикалық құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді",
- деді Бахтияр Мұхаметқалиев, Цифрлық Үкіметті Қолдау Орталығының Бас Директоры.