Events

Stay tuned for upcoming university events and activities.

Coventry University Kazakhstan студенттері HackNU 2025 хакатонында 3 орын иеленді

  • 19 қазан, 2025
  • 15:00 PM - 17:00 PM
  • HackNU 2025, Астана

Біздің Ғылым клубымыздың студенттері HackNU 2025 еліміздің ең ірі хакатонында өздерін керемет көрсетті. Бұл шараға 600-ден астам команда өтінім беріп, тек 120 команда ғана өз IT шешімдерін таныстыру мүмкіндігіне ие болды.
 
Біздегі Foundation бағдарламасының студенттері 24 сағат ішінде Mycar.kz компаниясы үшін жылдам туристік навигацияны шешетін AI-агент жасап шықты. Таңқаларлығы, бұл студенттер оқуды тек бір ай бұрын ғана бастады.

Олардың Python, C++ және Java бағдарламаларын меңгеруі идеяларды нақты өмірге арналған инновацияларға айналдыруға мүмкіндік берді, шығармашылық, командалық жұмыс және техникалық шеберлікті көрсетті.

Біз осындай таланттарды қолдап, батыл идеяларды дамытып, сапалы білім беруге ат салысып келеміз. Осындай студенттерді көргенде, Қазақстанда жаңа технологиялық инноваторлар мен мүмкін болатын біртұғырлы стартапшылардың пайда боларына сенеміз. Coventry University Kazakhstan-тың миссиясы- жас ұрпақты жақсы болашақ құруға шабыттандыру.

"Ғылым клубымыздың студенттері HackNU 2025 хакатонында керемет таланттарын көрсетті, 24 сағат ішінде AI шешімін жасады. Олардың шығармашылығы мен шеберлігі Қазақстан жастарының инновациялық шешімдер жасап, жарқын болашақ құруға дайын екенін дәлелдейді."

         - Мирас Дауленов, Coventry University Kazakhstan Президенті